×

Елорданың бас жоспары қайта бекітіледі - қандай өзгерістер енгізіледі

2035 жылға қарай Астана қаласының халық саны 2,5 млн-ға жетеді деген болжам бар

Елорданың бас жоспары қайта бекітіледі - қандай өзгерістер енгізіледі

2035 жылға қарай Астана қаласының халық саны 2,5 млн-ға жетеді деген болжам бар, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берген Астана қаласының бұрынғы әкімі, Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты. 

“Астана қаласының алғашқы бас жоспары бойынша 2030 жылға қарай 800 мың тұрғынға жетуі керек еді. 2010 жылы 1 миллион 200 мың адамға жетуі керек болды. Алайда, ол жоспарға 2020 жылы жетіп қойды. Енді осы динамиканы есепке ала отырып, болжамды өзгерттік. 2035 жылға дейін Астана қаласының халық саны 2,5 млн адамға жетеді деген болжамға келдік. Осыған байланысты, биыл  елордамыздың басты жоспары қайтадан қаралып жатыр. Биыл жылдың аяғына дейін бекітілуі керек. Жаңа жоспарда әлеуметтік мекемелер оның ішінде балабақша және мектептер саны артты. Одан бөлек, 2 газ жылу станциясы салыну жоспарда бар”– деді Алтай Көлгінов. 

Одан бөлек, инженерлік-инфрақұрылымға байланысты да бірқатар жоспарын бөлісті.

“10 жылдан бері салынбай тұрған ЖЭО-3 құрылысын қайта қарап шықтық. Жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Ауыз су мәселесі бойынша да суды тазарту стансасының жобалау жұмыстарын бастап кеттік. Қаладағы бірінші станса 60-жылдары, екіншісі 2010 жылы салынған. Қазір үшінші стансаның құрылысын бастадық. Бірақ бұл да аздық етеді. Сондықтан құрылыс аяқталған бойда төртінші стансаның құрылысына көшеміз”, – деді ол. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Кеше, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →