×

"Не үшін Мәжілістен кетуім керек": Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, ұлдары аппеляциялық сотқа жүгінеді

"Не үшін Мәжілістен кетуім керек": Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді
informburo.kz

Жигули Дайрабаев Мәжіліс отырысында алғаш рет ұлдарына шыққан үкімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ұлдарын кінәлі санамайтынын жеткізді.

“Ардақты әріптестер!

Алдымен сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша көбіңіз депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттылық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен не үшін Мәжілістен кетуім керек? Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған “Ауыл” партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек”, – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →