×

Назарбаев жүйесінен қалған газ-мұнай компанияларына ревизия жасау керек - Ермұрат Бапи

Депутат жаңаөзендік жұмысшылардың ереуіліне қатысты өз пікірін білдірді

Назарбаев жүйесінен қалған газ-мұнай компанияларына ревизия жасау керек - Ермұрат Бапи
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңаөзендік жұмысшылардың ереуіліне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бұрындары Тимур Құлыбаев иелік еткен компанияларға ревизия жасау керек.

“Жаңаөзен мұнайшыларының ереуіліне қатысты тарихтың түбі ар жақта, ескі Қазақстанда жатыр деп ойлаймын. Олигархиялық жүйенің арқасында осындай дау-дамайдан туған ереуіл қарапайым халықтың зардап шегуіне әкелді. Менің ойымша, газ-мұнай саласындағы Тимұр Құлыбаев жетекшілік еткен, соның иелігінде болған, Назарбаев жүйесінен қалған компанияларға ревизия жасау керек. Келісімшарттар қайта қаралу керек. Бәлкім мемлекеттік тұрғыда ма, жоқ әлде басқалай шешімдердің негізінде иллюстрациялық тексеріс жасайтын кез келді”, – деді депутат.

Сондай-ақ депутат жыл сайын тендер өткізудің қажеті жоқ деп санайды. Оның айтуынша, газ-мұнай саласындағы тендерлерді ұзақ мерзімге тағайындау керек. 

“Екіншіден, газ-мұнай саласындағы тендерлердің тәртібін қайта қарау керек пе деп ойлаймын. Жыл сайын қайта-қайта тендер өткізудің не қажеті бар? Мемлекеттік сатып алуды ұзақ мерзімге тағайындау керек. Ереуілдеп Астанаға келген мұнайшылардың “біз жаңадан тендер ұтып алған компанияға баратын болсақ, жылдың аяғында тағы да жұмыссыз қаламыз” дейді. Сондықтан газ-мұнай, жалпы өндіріс саласындағы тендерді ұзақ мерзімге тағайындау керек деп ойлаймын. Бір жыл емес, 2-3 жыл немесе жоба аяқталғанға дейін. Ал егер іс барысында белгілі бір компания келісімшарт талаптарын орындамаған жағдайда кәсіподақтың, жергілікті биліктің, жұмыс берушінің, еңбекшілердің қатысуымен ол шартты қайта қарауға болады. Қайтадан қарап, шарттың талаптарын бұзуға да болады”, – деп бөлісті Бапи.

Осыған дейін ол Жаңаөзендегі ереуілдер қашан тоқтайтыны жайлы ойын айтқан болатын

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →