×

Бір жылда донор күткен 320 адам қайтыс болған: трансплантация орталығы депутаттық сауалға жауап берді

Бұған дейін депутат Нұрымова өз сауалында елдегі донорлық мәселесін көтерген болатын

Бір жылда донор күткен 320 адам қайтыс болған: трансплантация орталығы депутаттық сауалға жауап берді
Коллаж: Qaz365.kz

Сәуірдің 12-сі Qaz365.kz сайтында Гүлдара Нұрымованың депутаттық сауалы туралы мақала жарияланған болатын. Мәжіліс депутаты ішкі ағза трансплантациясына рұқсат беру туралы бастама көтерген еді. Ол елімізде 3000-нан астам науқас донорға зәру екенін және былтыр 320 адам өзінің кезегін қүтпестен қайтыс болғанын мәлім етті. 13 сәуір редакциямызға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Трансплаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың” директоры Сәуле Талғатқызының атынан осы тақырыпта түсініктеме жазылған хат келді.

Төменде хаттың толық мәтіні берілген.

“ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды жане жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалык орталығы» осы мәселе бойынша келесіні мәлімдейді:

Бүйректерді ақшаға сатуға рұқсат ДДҰ-ның адам клеткаларын, тіндерін жане органдарын трансплантациялау жөніндегі нұсқауларына қайшы келеді. Атап айтқанда, 5 басқарымдық қағидатта айтылған: «Тірі донордың клеткаларды, тіндерді және органдарды беру тек қана ақысыз түрде жүзеге асырылады. Клеткаларды, тіндерді және органдарды тірі донормен немесе қайтыс болган науқастың туыстарымен сату немесе сату туралы түсетін ұсыныстарға қатаң тиым салыну керек».

Басқарымдық қағида 9: «Клеткаларды, тіндерді және органдарды бөлу барысында, қаржылық немесе басқа кез келген принцип емес, клиникалық критериялармен этикалық нормаға сүйенген дұрыс».

Сонымен қатар, органдарды, тіндерді жане клеткаларды транспланттау Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілерімен реттелетініне көңіл аударамыз және оларды бұзу жауапкершілікке әкеледі. Қылмыстық кодекстің 116 бабына сәйкес: Адамның органдары мен тіндерін транспланттау немесе басқа да мақсаттарда заңсыз алынуы, немесе мәжбүрлеп алынуы, сонымен қатар, тірі адамның органдары мен тіндеріне қатысты заңсыз келісім шарт жасалуы 6 жылдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 209-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес - Ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) трансплантациялау кезінде және адамның органдарын (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерін (тінінің бір бөлігін) сатып алуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, органдарды акшаға трансплантациялауға рұқсат беру бастамасы органдардың заңсыз айналымына, сондай-ақ донорлардың өміріне қауіп төндіретініне назар аударамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, органдардың саудасы ұйымдасқан қылмыстың бір түрі болып табылады және адам құқықтарының қатаң бұзылуына әкеледі. Бүйректерді сатуға рұқсат беру бұл мәселені айтарлықтай ушықтыруы мүмкін.

Сонымен қатар, көптеген донорлар бүйректі алып тастаудың кәсіби емес және қауіпті процедураларының құрбаны болуы мүмкін, бұл ауыр асқынуларға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Осылайша, трансплантация үшін бүйректі сатуға рұқсат беру шешкеннен гөрі көп проблемаларды тудыруы мүмкін және трансплантацияға арналған органдар тапшылығын шешудің ең жақсы жолы емес. Оның орнына халыктың донорлық туралы хабардарлығын арттыру, трансплантацияны ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ медицинада заманауи технологияларды қолдану сияқты басқа әдістерге назар аудару керек. Біз жұртшылықты осы тақырыптағы акпаратты тұтынуда таңдаулы болуға шақырамыз.

Қазақстанда әртүрлі мүшелер мен тіндерді трансплантациялау кезінде халықаралық стандарттар мен хаттамалар сақталады. Трансплантацияға жарамды мүшелердің тізіміне бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе кіреді. Дегенмен, бұл процесс өте күрделі және жоғары білікті медициналық мамандарды қажет ететінін атап өткен жөн. Трансплантациялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес egov.kz порталында білдіруге болатын туыстарының келісімімен және адамның тірі кезіндегі еркін ескере отырып алынған донорлық органдар мен тіндер ғана пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы халық арасында ағза донорлығы мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізетін уәкілетті құрылым болып табылады”, – делінген ресми жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →