×

Соққыға жығылған өскемендік қыздың әпкесі күдіктілерді қатаң жазалауды талап етті

Әпкесі Тоғжан Досумованың айтуынша, сіңлісі ауруханаға жатқызылып, екі апта емделген

Соққыға жығылған өскемендік қыздың әпкесі күдіктілерді қатаң жазалауды талап етті
стоп-кадр

Өскеменде соққыға жығылған қыздың әпкесі сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Өскемендегі АДК сауда үйінің әжетханасында кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың бұзақылығы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.
Бүгін сол кикілжіңде жәбір көрген қыздың әпкесі Тоғжан Досымова БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Десе де, зәбір көрген қыздың әпкесі ресми деректерде шындық ашып айтылмады дейді.

Сіңлімді соққан қыздардың бірі теллеграмда топ ашқан. Оқиғаның бастауы сол жерде. Ұрып-соғу ғана емес, ұрлық, бопсалау да бар. Сіңлім "ол ақшаны не істейсіңдер" деп сұрағанда, "осы түсірілген видеоны таратып жібермес үшін" деп түсіндірді", - деді әділдік іздеген әпкесі.

Әпкесі Тоғжан Досумованың айтуынша, сіңлісі ауруханаға жатқызылып, екі апта емделген.

Сондай-ақ, Білім басқармасы мен Полиция департаменті ұсынған мәліметтің барлығы жалған екенін айтуда.


“Білім басқармасы мен колледж тарапынан ешқандай шара қолданылған жоқ. Бейнежазба тараған соң министрлікке шығып, наразылық білдірдім. Видеоның барлық жерден өшірілуін сұрадым" - деді Тоғжан Досымова.

Ал Білім басқармасы басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, жәбірленуші тарап қандай да көмектен бас тартқанын айтады.

Бейнежазба бар. Колледж әкімшілігі қыздың денсаулығы болмай тұрғанын айтқан. Заңгерлік көмек те ұсынылды. Алайда, қыздың жақындары мұндай көмек алудан бас тартқан. Қажет болса, қолдары қойылған хаттама бар" деді Инесса Чернышева.

Жәбір көрген қыздың әпкесі соттың әділ шешім шығарып, соққыға жыққан қыздардың лайықты жаза алуы тиіс дейді.19:45

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →