×

Ақтөбеде 5 жасар қыздың өлімі үшін денсаулық сақтау басқармасы 5 млн теңге төлейді

Бүлдіршіннің температурасы көтеріліп, жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды.

Ақтөбеде 5 жасар қыздың өлімі үшін денсаулық сақтау басқармасы 5 млн теңге төлейді
azattyq-ruhy.kz

Дәрігерлер бүлдіршінге дұрыс диагноз қоя алмай, бір ауруханадан екіншісіне жіберіп уақыт жоғалтқан. Нәтижесінде жағдайы сағат сайын нашарлай түскен 5 жасар Іңкәр ауруханада жан тапсырған. Баланың анасы медициналық мекемелерді сотқа берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2019 жылы болған. 11 қазанда 5 жасар Іңкәрдің кенеттен температурасы көтерілген, №2 емханананың ақ халаттылары тек дәрі-дәрмектер тағайындап, баланы анасымен үйіне кері қайтарған.

«Келесі күні Іңкәрдің жағдайы нашарлай түсті, ол тіпті отыра да алмады. Қызымды облыстық балалар ауруханасына апардым, ол демалыс күні болатын, дәрігерлерді 4 сағат күттік, баланың жағдайы нашарлай берді. Содан соң КТ-ға түсіріп, талдаулар жасады. Ал одан кейін Іңкәрді жұқпалы аурулар ауруханасына, содан соң медициналық жедел жәрдем ауруханасына, сосын қайтадан жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Ол жерде балаға пункция жасады, баланың жағдайы нашарлай түсті. 13 қазанда түстен кейін Іңкәр қайтыс болды, өлімнен кейінгі диагноз «энтеровирустық инфекция». Энтеровирустық менингоэнцефалит, ауыр түрі. Ми ісігі», - деп түсіндірді марқұм бүлдіршіннің анасы.

Бала қайтыс болғаннан кейін полиция «медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейінірек ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Тергеу бұл жерде тек әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар деген қорытындыға келді.

Іңкәрдің анасы № 2 емханаға, жұқпалы аурулар ауруханасына және денсаулық сақтау басқармасына қатысты сотқа талап-арызын жазып, моральдық зиян үшін 10 миллион теңге өтемақы талап етті. Жауапкерлер талап-арыздарды мойындамады.

Судья Буйваренко іс бойынша барлық сараптамаларды зерттеді және “учаскелік педиатр баланың жағдайын жете бағаламады, аурудың толық тарихын жинамады” деген тұжырымдармен келісті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының бұзылғанын анықтады. Мәселен, өтініш түскеннен кейін баланы инфекциониске қаратуға және ауруханаға жатқызуға жіберу керек еді. Ал сот сараптамасы орталығының сарапшылары медициналық көмекке бірінші рет жүгінген кездегі жағдайдың бағаланбауына байланысты, Іңкәр шұғыл диагностика мен емдеу үшін ауруханаға жатқызылмағанын, баланың жағдайы өте ауыр болғанымен, консилиум шақырылмағанын анықтады. Амбулаториялық емдеуден кейін 20 сағат ішінде бала көмексіз қалды және оның жағдайы біртіндеп нашарлады.

«Мамандардың пациентке немқұрайлы қарауы бұл жағдайда өмірге қауіп төндіретін асқынулардың дамуына және өлімге әкелді», – деп қорытындылады судья Буйваренко.

Осылайша, сот қайтыс болған Іңкәрдің анасының медициналық мекемелерден моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын негізді деп тапты, бірақ залал мөлшерін азайтты.

Сот инфекциялық аурухананы, №2 емхананы және денсаулық сақтау басқармасын талапкерге моральдық зиян үшін 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →