×

Назарбаев пен Сәтқалиевтің құда болғаны рас па - министрлік пікір білдірді

Жас жұбайлардың екеуі де 18 жаста. 

Назарбаев пен Сәтқалиевтің құда болғаны рас па - министрлік пікір білдірді
Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми некеден тумаған ұлы Тауман Энергетика министрінің қызына үйленді деген ақпарат тарады. Осыған байланысты министрліктің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Желідегі тараған видеоға сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман жаңадан тағайындалған министр  Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Анаделя Майдановамен неке қиған. Жас жұбайлардың екеуі де 2005 жылы дүниеге келген. 
Бірақ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін хабарлап отыр.

“Әлеуметтік желіде тексерілмеген, шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап кетті. Энергетика министрінің қызы видеода тарағандай,  өзінің сыныптасымен некеде тұрмайды. Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиевтің тұңғыш президентке туыстық қатысы жоқ”, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →