×

Арыстанбек Мұхамедиұлы қардан шыға алмай, сотқа келмеді

Ол онлайн форматта қатысты

Арыстанбек Мұхамедиұлы қардан шыға алмай, сотқа келмеді
Qaz365.kz

Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірақ сот процесіне экс-министрдің өзі келе алмады. Істі Байқоңыр ауданы сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Бағлан Ыдырысов қарайды.

“Сотқа Арыстанбек Мұхамедиұлы онлайн форматта қатысып отыр. Оған қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болды”, –  деді судья.

Енді бұдан кейін Мұхамедиұлы сот залына жеткізіледі. Тараптар бұқаралық ақпарат құралы өкілдерінің сот процесінен ақпарат таратуына қарсылық білдірмеді.

Тергеу мәліметтері бойынша, А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасоваға бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған.

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары нысандардың 3D моделін жасау жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 миллиард теңге ұрланғанын хабарлаған болатын.

Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды, оған дейін бес жыл мәдениет министрі қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →