×

Зейнет жасына жақындады: Мұхамедиұлының адвокаты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады

Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 11 мамырда 60 жасқа толған болатын

Зейнет жасына жақындады: Мұхамедиұлының адвокаты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады
kaznews.kz

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қорғауындағы азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты іс бойынша сот отырысы басталған.

Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Туллев экс-минстрдің зейнет жасына жақындағанын еске салып өтті. Сондықтан оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуды,  жасын ескере отырып, үй қамағына алуды, сондай-ақ "Даму" ЖШС-нің барлық аудиторлық қорытындыларын іс материалдарынан алып тастауды талап етіп, олардың мамандарын қабілетсіз деп айыптады.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 11 мамырда 60 жасқа толған болатын.

Еске салып өтсек, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары нысандардың 3D моделін жасау жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 миллиард теңге ұрланғанын хабарлаған болатын.

Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды, оған дейін бес жыл мәдениет министрі қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
Кеше, 22:15

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды
Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген
7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →