×

«QazaqGaz» компаниясы ғимарат үшін үш есе қымбат аренда төлеп келген

Ол ғимаратты мемлекет меншігіне қайтару бойынша демонополизация процесі жүргенін айтты

«QazaqGaz» компаниясы ғимарат үшін үш есе қымбат аренда төлеп келген
Фото: gov.kz

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жәркешов Ulysmedia-ға берген сұхбатында ғимаратты бұрын үш есе қымбат бағаға жалға алып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

“Ұлттық компания ғимараты бұған дейін жекеменшік кәсіпкердің қолында болған. Бұл біз басшылыққа келгенге дейінгі жағдай. Содан ай сайын төлейтін жарнаны есептесем, нарықтан үш есе жоғары болып шықты. Бұл дегеніміз заң бұзушылық”, –  дейді Санжар Жәркешов.


Оның айтуынша, шаршы метріне 16 мың теңгеден төлеген. Ғимарат иесіне бағаны азайт десе, “онда шығыңдар, суды, жарықты өшірем” деп қорқытқан.
 

“Сөйтіп, форс-мажор жағдайына әкелді. Бұл былтыр көктемде болған мәселе. Біздің ғимараттың ішінде өте маңызды нысандар бар. Біріншісі, диспетчерлік орталық. Стратегиялық тұрғыдан маңызды газ тасымалдау құбыры екенін білесіздер. Диспетчерлік орталық соны қамтамасыз етеді. Тоқтата алмаймыз”, – дейді «QazaqGaz» басшысы.


Ол ғимаратты мемлекет меншігіне қайтару бойынша демонополизация процесі жүргенін айтты.

Жүргізуші «QazaqGaz» компаниясы отырған бизнес орталық Қайрат Шәріпбаевқа тиесілі екенін тілге тиек етті. Бірақ Санжар Жәркешов ол жағынан нақты хабары жоғын, қазір бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатқанын айтты.
 

“Басқа өкілдердің аттары бар. Бірақ ол кісінің есімі аталмаған. Сүйінші жаңалығымыз бар, 12 сәуірде ғимарат біздің иелігімізге көшті. Шамамен 10 миллард теңге мемлекетке қайтты. Енді сол аренданы азайтқанның арқасында жылына 1,6 миллард теңге үнемдейміз”, –  дейді Жәркешов.

Айта кетейік, Қайрат Шәріпбаевты ақпарат құралдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп атайды. Ол «Қаңтар оқиғасынан» кейін QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →