×

Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады

Биыл 52,4 млрд теңге қаржы бөлінген

Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады
Фото: Турар Казангапов

Astana LRT құрылысын 2026 жылы Қытай компаниясы аяқтайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

LRT құрылысы 2011 жылы басталған. Негізгі жоспар бойынша 2020 жылы аяқталып, қолданысқа берілуі тиіс еді. Даулы жобаны қала билігі биыл қолға алуды жоспарлапты. Құрылыс екі кезеңмен іске асырылады. Үкімет алғашқы қаржыны бөліп те қойған.

«Бірінші кезеңді 2024 жылдың аяғында бітірсек, одан кейін құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын 3-4 айдай пойыздарды жүргізіп, тестілеу кезеңі болады. Сәуірдің аяғында 220 шақты адамдар келеді. Мамыр айында тағы 300-ден астам жұмысшы келеді. Жаз айларында барлығы 3000 адам жұмыс істеуі керек», – деді компанияның атқарушы директоры Бақыт Қарсақбаев.

 

LRT ұзындығы 22,4 шақырым. Құрылыс жоспарына сәйкес, 18 аялдама бекеті салынады. Алғашқы кезеңде оның 8-і қолданысқа берілмек. Жеңіл рельсті трамвай жобасы бұл жолы сәтті аяқталса, бас қаладағы әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады деп жоспарлап отыр. Ал сарапшылардың айтуынша, көп күткен LRT жобасы астаналықтардың игілігіне өтсе, қаладағы қоғамдық көлік жүйесінің дамуына ықпал етпек.

«Халықтың саны миллионнан асқаннан кейін темір жолдағы релсті транспорт керек. Себебі ол қаладағы экологияның таза болуына әсер етеді. Екіншіден, релсті транспорттың адамдарды тез тасымалдайды», – деді экономист Сапарбай Жұбаев

LRT құрылысын толығымен 2026 жылы Қытай компаниясы аяқтайды. Әкімдік ақпарынша, қос кезеңге жоспарланған құрылыс әуежайдың тұсынан басталады. Бұған 52,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алу үшін алдын ала төлем жасалмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →