×

Шонжы ауылында 72 жастағы зейнеткер 12 жасар қызды зорлаған

Ер адам қызға екі рет тиіскен

Шонжы ауылында 72 жастағы зейнеткер 12 жасар қызды зорлаған
ашық дереккөзден

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 12 жастағы қызды 72-дегі ер адам зорлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Полицияның айтуынша, ер адам мектепке барып, қызбен сөйлесіп тұрған. Мұны тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші байқап қалып, зейнеткерге ескерту жасаған.

"Ер адам мектептің алдына келгенде мұғалімдер көріп қалған. Мектеп алдында қызбен әңгімелесіп тұрған. Тәрбие меңгерушісі ер адамға ескерту жасайды. Қызды шақырып алып, сөйлескен. Оқушы басында "атаң бар ма деп жай сұрады" деп айтпаған. Кейін психологтарға бәрін айтып берген. Қыз 12 жаста, бұл жаста ондай өтірік айтады деп ойламаймыз. Айтуынша, ер адам оған екі рет тиіскен", - деді Шонжы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Sputnik Қазақстанға.

72 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бап 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты жасалған зорлық") бойынша күдікті деп танылып, сот санкциясымен екі айға қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Ал аудандық білім бөлімі тергеу бітпейінше, еш уәж айта алмаймыз дейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →