×

Айыпты оқушылардың ата-анасы да жазалануы тиіс пе - Нартай Аралбайұлы оқушылар арасындағы әлімжеттік жайлы айтты

Ол премьер-министрге бірнеше ұсыныс айтты

Айыпты оқушылардың ата-анасы да жазалануы тиіс пе - Нартай Аралбайұлы оқушылар арасындағы әлімжеттік жайлы айтты
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай оқушылардың бір-біріне жасаған әлімжеттігі туралы премьер-министр мен бас прокурорға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ”, -дейді Нартай Аралбайұлы.

Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек деді.  Бұл мәселені дереу шешетін кез келді деп отыр. Әлімжеттіктің көбеюінің бір себебін мамандар пандемия уақытында онлайн оқыған оқушылардың кейін ортаға еркін бейімделіп кете алмауы дейді. Қазір соның салдарын көріп отырмыз деп айтты. Депутат соңғы оқиғаларды тізіп шықты.

“Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші оқушыға әлімжеттік жасалады екен. Салдарынан болған суицидтің саны бойынша әлемде соңғы орында емес екенімізді білесіздер. Бас прокурор Берік Ноғайұлы, аталған істерді қатаң бақылауға алып, айыптылардың жазадан құтылып кетпеуін қадағалауыңызды сұраймыз. Және әлімжеттік фактілерін біле тұра жасырып қалған қызметтегі азаматтардың да жазаға тартылуы керек. Оған қоса, балаларды қорлап жатқан кезде араша түсудің орнына сол әрекеттерді бейнетаспаға түсіріп жариялаған адамдарды да жазалау қажет және айыпты оқушылардың ата-аналары да тиісті жазасын алуы керек”, -деді мәжілісмен.

Ал премьер-министрге мынандай ұсыныс айтты: 

Мектептерде оқу мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ететін жүйе қалыптасуы тиіс. Әрбір пәннің тәрбиелік функциясы, әрбір мұғалімнің тәрбиелік жауапкершілігі болуы тиіс;

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 4-қосымшасының негізінде  сынып жетекшілерге 1-4 сыныптар үшін 8800 теңге (базалық лауазымдық жалақының 50%-ы), 5-11 сыныптар мен колледждер үшін 10600 теңге (базалық лауазымдық жалақының 60%-ы) көлемінде қосымша ақы белгіленген. 

Мұғалімдердің сабақта және сабақтан тыс уақытта балалардың тәрбиесімен жүйелі айналысуы үшін кейбір мамандандырылған мектептердегідей арнайы куратор  штаттық бірлігін барлық мектептерге енгізіп, олардың лайықты айлық жалақысын және статусын айқындауыңызды сұраймыз;

Мектептегі буллингтің алдын алу үшін псхиологтардың санын арттырып, тиісті жағдай жасау қажет. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 77 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына  сүйенсек, мектептерде ең көп дегенде 2 психолог қана жұмыс істей алады. Психологтардың оқушымен, ата-анамен және педагогтермен жүргізетін жұмыстарын ескере отырып, 1 психологқа 250 оқушыдан (10 сыныпқа 1 психолог) келетіндей нормативтік өзгерістер жасау керек. Сондай-ақ, психологтардың біліктілігін арттыру курстарының сапасын мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан жақсартуға қаражат қарастыруыңызды сұраймыз;

Буллингке ұшырап әлеуметтік желіге суреті жарияланған жасөспірімдерді психологиялық тұрғыда оңалту жұмыстарын қолға алып, денсаулықтарын қалпына келтіруге көмектесу қажет;

Мектептерде әлеуметтік осал топтағы отбасылармен, сәтсіз отбасыларымен, қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмысты үйлестіретін әлеуметтік педагогтердің де санын арттыру қажет. Бастауыш сыныптарға, орта буынға және жоғары сыныптарға жекелеген әлеуметтік педагогтердің болуын қарастыру керек. Сонымен қатар, жұмыс ерекшелігін ескере отырып әлеуметтік педагогтердің айлық жалақысын қайта қарастырған дұрыс;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 1-қосымшасында әлеуметтік педагогтер В3 функционалдық блогына енгізілген. «Әлеуметтік педагог» лауазымын В2 функционалдық блогына ауыстыру арқылы айлық жалақысын психологтардың жалақысымен теңестіруді қарастыру қажет;

Мектепте арнайы инспектор болғанда ғана іштегі тәртіптің жақсаратынын тәжірибе көрсетті. Сондықтан, мектеп инспекторларын қайтару керек.;

Балаларды әлімжеттікке төзбеуге, егер қысым жасалса арнайы маманға жүгінуге үйрету керек. «Арыздауға болмайды, таяқ жегеніңді айту ұят» деген сынды қылмыстық өткені бар түсініктерді жою керек;

Оқушылардың театр сынды мәдени орталықтарға ақысыз бару тетіктерін қарастыру қажет;

Оқушының сабақ үстінде ұялы телефон ұстауын шектеу  керек. Ата-аналарда үйде баланың гаджеттерді шектен тыс қолдануына жол бермеуі қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →