×

"Значок" тағып алып жүретін депутаттықтың маған керегі жоқ – Жигулидің жанайқайы

Сонымен қатар өтірік статистикаларға күйінетінін айтты

"Значок" тағып алып жүретін депутаттықтың маған керегі жоқ – Жигулидің жанайқайы

Бүгін Мәжілістегі Аграрлық мәселер комитетінде «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктері» деген тақырыпта жиын өткен болатын. Отырыста депутат Жигули Дайрабаев бұл салада еңбек етіп жүрген фермерден бастап, министрге дейін азаматтардың беделін көтермесек, алысқа бармайтынымызды айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

 “Мемлекет басшысы атқарушы билікке, Парламентке – бәріне тапсырма беріп жатыр. Орындауымыз керек. Елдегі 20 миллион халықты асырау – біздің міндетіміз. Сол үшін әрекет жасаймыз”, – деді Жигули Дайрабаев.


Ол сосын ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселенің бірін көтерді. Яғни импорттың көп екенін еске салып өтті. Өйткені, Қазақстан ет, сүт, жұмыртқа, май, картоп, алма секілді қажетті азық-түліктің көбісін сырттан әкеледі. Осы жағын реттемей, мәселе шешілмейтінін жеткізді.
 
Сонымен қатар өтірік статистикаларға күйінетінін айтты.

“Халық өтіріктен шаршады. «Жаңа Қазақстан» құрамыз десек, алдымен өтіріктен арылайық. 60 мың тонна ет өткіземіз дедік, бірақ 6 мың тонна да өтпеді. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрі ащы да болса да шындықты айтып үйренуі тиіс. Одан кейін бізге Ауыл шаруашылығы министрінің мәртебесін көтеру қажет. Үкімет басшысының бірінші орынбасары болуы керек”, – дейді депутат.


Ауыл шаруашылығының мәртебесін көтермесек, жағдай түзелмейді деп отыр. Ол үшін ауылдағы мал баққан шаруадан бастап, министрге дейін абыройы асқақтаса, бұл сала ел экономикасының драйверіне айналады деп отыр. Әйтпесе, бос сөз болып қалады дейді.

“Бірінші, дұрыс жоспарлау керек. Екінші, қаражат мәселесі шешілсін. Бұл салада еңбек ететін азаматтардың абыройын көтеруіміз қажет. Мені Парламентке партия жіберді, бірақ жеке өз позициям бір тиын болса да, халыққа пайда келтіру үшін келіп отырмын. «Значок» тағып алып жүретін құр депутаттықтың керегі жоқ. Депутаттықтың мерзімі аяқталғанда, елдің алдына қай бетімізбен барамыз?” – дейді Жигули Дайрабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →