×

Рим папасы, Джоан Роулинг және Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі "көк белгісінен" айырылды

Мұндай белгіге ие 300 мыңға жуық қолданушы болған

Рим папасы, Джоан Роулинг және Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі "көк белгісінен" айырылды
Ашық дереккөздерден

Twitter-дегі "көк белгі" бастапқыда пайдаланушыларды алаяқтардан қорғаудың және жалған ақпаратпен күресудің тәсілі ретінде енгізілген, бірақ қазір оны кез келген адам ақша төлеп иелене алады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sky News сайиына сілтеме жасап.

Twitter адамдардың аккаунттарынан кезінде ие болған "көк белгілерін" жоя бастады, оның арасында әлемдегі ең танымал адамдар да бар. 

Рим папасы, жазушы Джоан Роулинг, футбол жұлдызы Криштиану Роналду, америкалық рэпер Джей-З әлеуметтік желідегі парақшаларындағы "көк белгіден" айырылды. Твиттерде мұндай белгіге ие 300 мыңға жуық қолданушы болған, олардың көпшілігі спортшылар, музыканттар, журналистер және қоғам қайраткерлері болып келеді. 

"Көк белгі" айына 11 доллар төлеп, Twitter Blue-ге жазылған адамдарда ғана болады. Әртүрлі түсті белгілер сол күйінде қалады: алтын түс - бизнес өкілдері, ал сұр түс - үкімет, көпжақты ұйымның өкілдері немесе ресми тұлға.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Twitter-дегі "көк белгісінен" айырылды. Оның аккаунтындағы белгі сұр түске ауысты. 14 наурызда Президент Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаған кезде, ол әлі көк түсте болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлемде бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады – министр
Бүгін, 16:31

Әлемде бағалар өсіп жатыр, бізде де сондай тенденциялар болады – министр

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қымбатшылыққа ішкі және сыртқы факторлар әсер ететінін мәлімдеді
Сауда субъектілері үшін "Қазақстанда жасалған" өнімнің ең төменгі үлесі 30 пайыздан кем болмауға тиіс
Бұл туралы әлеуметтік желіге адвокат Мейірман Шекеев жазды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →