×

Жамбыл облысында тозығы жеткен «Жигулиді» жедел жәрдем көлігі етіп берген

Ол көліктің доңғалағы қисайып кеткен әрі жарық шамдарының бірі сынған

Жамбыл облысында тозығы жеткен «Жигулиді» жедел жәрдем көлігі етіп берген
Ашық дереккөздерден

Жамбыл облысы Талас ауданының Тамды ауылында «жедел жәрдем» көлігі ретінде ескі «Жигули» пайдаланылған. Осыған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді, деп хабарлады Qaz365.kz.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде 1800 тұрғыны бар Тамды ауылына қызмет көрсететін апатты жағдайдағы «Жигули» автокөлігінің бейнежазбасы тараған болатын. Онда ауыл тұрғындары автокөліктің тым ескі әрі апатты жағдайда екенін айтып, медицина өкілдерін сұрақтың астына алған. Себебі көліктің доңғалағы қисайып кеткен әрі жарық шамдарының бірі сынған.

Талас аудандық орталық ауруханасына қарасты Тамды ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жедел көлік мәселесі бойынша 2023 жылға тапсырыс жасалған. Бейнежазбадағы көліктің жағдайы жақсы, тиісінше жөндеу-тексеруден өткізіліп тұрған болатын. “Жедел жәрдемнің” алғашқы үш түрі орталық «Жамбыл жедел жәрдемнен» көрсетіледі, тек 4-категориядағы ғана медициналық көмекті ауылдық деңгейде көрсету қарастырылған. Яғни, бұл көлік тек үйде емделушілерге қызмет көрсету үшін, дәрігерді үйге шақыру үшін пайдаланылды. Қазір дәрігерлік амбулаторияда «Жигули» автокөлігі «Chevrolet Damas» көлігіне ауыстырылды. Сондықтан даурығуға негіз жоқ», – деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →