×

15 жасар бала төрт жастағы сәбиді көлікпен басып өлтірген

Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.

15 жасар бала төрт жастағы сәбиді көлікпен басып өлтірген
polisia.kz

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Жетісу облысы Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі POLICE.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Төрт жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Белгілі болғандай, шетелдік көліктің тізгінінде 15 жастағы оқушы болған. 
 
Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды. 
 
Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Самардың көкпаршылары референдумда өз таңдауын жасады
Кеше, 18:08

Самардың көкпаршылары референдумда өз таңдауын жасады

Ұлттық нақыштағы спорттық формаларымен келген
Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды
Дауыс беру учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.
Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →