×

Еңбек министрлігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу шарттарын түсіндірді

Еңбек кодексі бойынша енгізілетін өзгеріс жұмыс апталарын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды

Еңбек министрлігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу шарттарын түсіндірді
Kluch

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрліктің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап Еңбек кодексі бойынша енгізілетін өзгеріс жұмыс апталарын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды. Бұл жерде жұмыс кестесін кезек-кезекпен ауыстыру туралы сөз болып отыр.

"Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады. Мысалы, бір апта 5 күндік болса, екінші аптада 4 күн жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша жұмыс берушінің келісімімен бекітілуі мүмкін. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады", - деді Ділдахмет.

Сәкен Ділдахмет бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүргенін және ол еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты.

Баспасөз хатшысы бұл режимді енгізу қызметкерге жеке және отбасылық қажеттіліктермен жұмыс істеу міндетін үйлестіруге мүмкіндік беретінін айтады.

"Мұндай режимде жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы еңбек өтілін және басқа да құқықтарына шектеулер туғызбайды", - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →