×

Алматы мәслихатына өткен депутаттар мемлекеттен қанша ақша алды?

Бірінші орында аманаттық Әміржан Нәбиев тұр

Алматы мәслихатына өткен депутаттар мемлекеттен қанша ақша алды?

Биыл наурызда Қазақстанда Парламент мәжілісі және мәслихат сайлауы өтті. Кейін Мәжіліске үміткер болған Мұхтар Тайжан Аида Әлжанованың Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратты бөлісті. Жазба мәтініне сәйкес, Алматының мәслихат депутатына өткен үміткерлер жеке компанияларды басқарады және сол компаниялар мемлекеттік сатып алудан қомақты қаржы алған. Factcheck.kz Желіде тараған ақпараттың қаншалық шындыққа жанасатынын тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Басылым мәліметінше, бірінші орында аманаттық Әміржан Нәбиев тұр. Оның 2023 жылға құрылыс басқармасымен бір көзден (сатып алу арқылы жасалған - еск.) 17 миллиард теңгеге келісімшарты бар.

"Иә, Әміржан Нәбиев Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды. Расымен Kompra.kz дерегінше, ол - "Атрикс-Строй" құрылыс компаниясының бірінші басшысы. Мемлекеттік сатып алу порталының дерегіне сәйкес, 2023 жылы Алматы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша компания 17 миллиард теңгеден аса сомаға келісімшарт жасаған. Қаржы Алматы әкімі аппаратының ғимаратын "қайта жаңартуға" жұмсалады", - деп жазған басылым. 

Kompra.kz дерегінше, Нәбиев басшы ретінде тіркелген компания 2015 жылдан бері 774 908 606,11 теңге салық төлеген, ал 2023 жылы - 307 122 041 теңге (4 сәуірге дейінгі дерек).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →