×

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған екі үй апатты деп танылды

Бұл үйлердің құрылысына бюджеттен 400 миллион теңге бөлінген

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған екі үй апатты деп танылды
Видеодан кадр

Ақтөбеде мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған қос үй апатты деп танылды. Ондағы 48 отбасы өзге пәтерлерге көшірілді. Ал іргетасы үгітіліп, қабырғасы қақырап тұрған ғимаратты сарапшылар жөндеуге болады деп шешкен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Есет батыр тұрғын үй алабындағы көп қабатты үйлер 3 жыл бұрын салынған. Бұл үшін бюджеттен 400 миллион теңге бөлінген. Алайда қабырғалары жарылып, жертөленің бетон бағаналары ажырап кеткен, тіпті кей жерінің кірпіші құлап жатыр.

Бұған қоса, іргетасы отырып, үгітіліп кеткен. Апатты үйдің тұрғындары өзге жерге көшірілгенімен, кейін қайта қайтып келеді деп отыр. Өйткені ғимаратты тексерген сарапшылар күрделі жөндеуден соң бұл үйде тұруға болады деген шешім шығарған.

"Тексеру кезінде үйдің апаттық жағдайда екені анықталды. Ол құрылысқа пайдаланған бетонның сапасына қатысты болып отыр. Сараптамада бетон құрамына арзан материалдар пайдаланып, қалай болса солай жасаған болуы мүмкін екендігі айтылады. Енді үйдің іргетасын берік қылу үшін компанияларды тартып жатырмыз", – деді Ақтөбе тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Руслан Әжниязов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →