×

Қаржы пирамидасын құрып, 1,5 миллиард теңгені қалтасына басқандар сотталды

Олар 7 жылдан 8 жылға дейін түрмеге қамалды

Қаржы пирамидасын құрып, 1,5 миллиард теңгені қалтасына басқандар сотталды
tengrinews.kz

Қызылордада тұрғындарды бір жарым миллиард теңгеге алдаған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 1259 адамды алдаған қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы сотталды. Олар ақша тартудың алаяқтық схемасын Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Шымкент және басқа да қалаларда ұйымдастырған.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы С. мен оның сыбайластары П., Н., А. 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың ақпанына дейінгі аралықта экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Қызылорда қаласында "Выгодный Займ" ЖШС және "Гарант 24 ломбард" ЖШС филиалдары тұрғындардан ақша тартуға бағытталған заңсыз қызмет көрсеткен", - делінген хабарламада.

Сотталғандар қылмыстық әрекеттерімен 1259 жәбірленушіге 1 561 218 377 теңге мүліктік залал келтірген.

"Істі қарау барысында мүліктік залалды өндіру туралы талап арыздан бас тартып, қараусыз қалдыруды сұраған жәбірленушілер болды. Сотта сотталушылар айыптау актісі мен талапты мойындамайтынын көрсетті.  Сотталушылар іс құжаттарындағы айғақтармен, сараптама қорытындысымен және жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен расталды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Іс бойынша төрт айыпталушының барлығы кінәлі деп танылды - олар 7 жылдан 8 жылға дейін түрмеге қамалды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →