×

Қазақстанда екі жаңа банк пайда болуы мүмкін

Екі микроқаржы ұйымы банкке айналуға ниет білдірді

Қазақстанда екі жаңа банк пайда болуы мүмкін
Ашық дереккөздерден

Қазақстанда екінші деңгейлі екі жаңа банк пайда болуы мүмкін. Оларды екі микроқаржы ұйымы құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір біз микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банктерге айналуын күтіп отырмыз. Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар: KMF және Solva. Олардың портфелі бар, капиталдың жеткіліктілік деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді», - деді М. Әбілқасымова.

Ол өткен жылы заңнамаға микроқаржы ұйымына лицензиядан бас тартпай конверсиялауға мүмкіндік беретін тиісті түзетулер қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар агенттіктің жаңа банктер ашу талаптарын ырықтандыруға бағытталған банк жүйесі туралы заңнамаға бірқатар түзету дайындағанын айтты. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін қазақстандық нарықта екінші деңгейлі банк ашқысы келетіндер көп болады деген үміт бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →