×

Еуразиялық банк клиентінің депозиті із-түссіз жоғалып кетті

Сондай-ақ, клиент банкте өзіне қатысты теріс көзқарасқа тап болғанын айтады

Еуразиялық банк клиентінің депозиті із-түссіз жоғалып кетті
7kun.kz

Еуразиялық банктің клиенті Әсел Мұқанова сәуірдің 21-і күні долларлық депозитінен аздаған соманы алу  үшін бөлімшеге барады. Алайда ақшасы жоқ болып шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 7kun.kz-ке сілтеме жасап.

«Нөмір алып, кассаға бардым. Кассирден депозиттік шотымнан 100 доллар беруін өтіндім. Кассир «Сіз ақшаны ала алмайсыз, өйткені депозитте ақшаңыз жоқ», деді. Мен бұлай болуы мүмкін емес екенін айтып, қайта тексеруді сұрадым. Ол депозитті қайта тексерді, шынымен де ақша жоқ. 3500 доллар із-түссіз жоғалып кетті. Есепшотта 126 доллар ғана қалған», – деп бастады әңгімесін Әсел.

Клиент менеджерге қайта жүгінеді, бірақ бәрібір ақшаның жоқтығы туралы ақпаратты естиді. Менеджер талап бойынша депозитте қалуы керек 100 доллардан артылған 26 долларды ғана алуға болатынын айтады. Клиент бұл оқиғадан кейін депозитті жауып, бар ақшаны шешіп алады. Осыдан кейін Әсел Еуразиялық банктің қауіпсіздік қызметіне арыз жазған.

«Мен өз-өзіме келгеннен кейінгі сәттен келесі әрекетім адвокатты шақыру болды. Ол: «Ешқайда барудың қажеті жоқ, маған кел», — деді. Бардым, сөйлестік, қызмет көрсету шартына қол қойдым. Барлық органдарда өкілдік ету үшін сенімхат жасап, процесті бастадым. Осыдан кейін маған полиция бөлімшесінен телефон соғып, келіп, арыз жазып, куәлік беріп, банк анықтамасын алып келуімді сұрады. Дәл солай істедім. Адвокатым банктің қауіпсіздік бөліміне бір жылдағы барлық транзакциялар туралы ақпарат беруді сұрады. Біз қазір жауап күтеміз, олар әдетте 10 жұмыс күні ішінде ақапаратты береді», — дейді Әсел.

Сондай-ақ, клиент тілшіге банкте өзіне қатысты теріс көзқарасқа тап болғанын айтады. Банкте кешірім сұраудың орнына айыптауларды естіген.

«Банк мені Smart қосымшамды пайдаланып, біреуге рұқсат, код немесе карта бергенім үшін айыптауға тырысуда. Бірақ олай жасамадым. Неліктен? Бір қарапайым себеппен: мен әрқашан ақшаны кассадан аламын. Мен Smart қолданбасымен ешбір операция жасамаймын. Егер мен ақшаны алсам, банкке келіп, өзім шығарамын. Әдетте бұл үлкен сомалар емес — максимум 500 доллар», — дейді Мұқанова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →