×

Елде көлік тапшылығы жоқ, барлығын шиленістіріп жүрген блогерлер - Нұрлан Смағұлов

Елде көлік тапшылығы жоқ, барлығын шиленістіріп жүрген блогерлер - Нұрлан Смағұлов

 

Astana Group президенті, кәсіпкер, елдегі автонарықтағы алпауыттардың бірі Нұрлан Смағұлов елде көлік тапшылығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазір Ресей рублі әлсіреді, есесіне теңге нығайды. Бірақ бұл тиімсіз болып тұр. Өйткені, қазір Ресейде белсенді түрде өндіріліп, жеткізіліп жатқан қытайлық көліктер пайда болды”,  – дейді Нұрлан Смағұлов.

Ол салонда көлік жоқ деген пікірге келіспейді. Отандық салондарда көлік жеткілікті деп отыр.

“Hyundai брендінен қандай марка қажет, бәрін сатып ала аласыз. Атап айтсақ, Bayon, Accent, Elantra, Sonata дейсіз бе, бәрі бар. Мүмкін, Palisade немесе Staria экзотикалық қымбат көліктер жетіспей жатқан шығар. Алайда оны оны 2 айда жолға қоямыз”, – дейді кәсіпкер.

Ол импорттап, утиль алым, баж салығы, толықтай қосылған құн салығын төлейтін Қытай брендінің 4 айға жететін қоры бар деп отыр. Оның айтуынша, жағдайды ушықтырып отырған блогерлер көрінеді.

“Автокөлікті несиеге беру бағдарламасын жасадық. Біздің автокөліктерге бөліп төлеу арқылы қол жеткізуге болады. Бүгінде қазақстандық автосалондарда көлік тапшылығы жоқ. Көлік бизнесін жап-жақсы білетін бірқатар блогерлер әлеуметтік шиеленісті тудырып хайп жасап жүр”, – дейді Нұрлан Смағұлов.

Кәсіпкердің айтуынша, блогерлер көлік жоқ, баға 2 есе өсті, мұның бәрі өтірік деп дәйексіз жазады екен.

“Көліктер тұр, баға өскен жоқ, керісінше біз жеңілдік жасап жатырмыз. Қазақстан нарығын толтырдық. 2 ай бұрын тапшылық болса, қазір жоқ. Бәлкім, Lexus 60 жетпейтін шығар, бірақ түсініңіздер бұл көлік 200 мың доллардың үстінде тұрады”, – дейді ол.

Нұрлан Смағұлов ондай сатып алушылар үшін қатты алаңдаудың керегі жоқ, бюджеттік клиенттерге алаңдау қажет деп отыр.

Ол бұған дейін Ресейден көлік сатып алушы дилерлер қаптағанын айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →