×

Күдебаевтың қашу фактісі бойынша ісі бөлек тергеледі

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Күдебаевтың қашу фактісі бойынша ісі бөлек тергеледі
Коллаж Ulysmedia.kz

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастысы Серік Күдебаевке үкім оқылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот шешімі бойынша генерал 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал елден қашуы бөлек қаралады. Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасы басшысының орынбасары Саян Дүйсебаев айтты.

«Қашу фактісі бойынша іс бөлек тергеледі», - деді Дүйсебаев.

Ол сонымен қатар Серік Күдебаевтың өкілеттігін асыра пайдаланғаны және адам азаптағаны үшін айыпталғанын еске салды.

"Тәртіпсіздіктер кезінде ол ПД ғимаратынан кетуге заңсыз бұйрық берді, өзі де қаладан кетті. Салдарынан қоғамдық тәртіп бұзылып, әкімдік, полиция бөлімшесі, сондай-ақ сауда үйінің ғимараттары бүлінген. Келтірілген шығын шамамен 5 миллиард теңге. Тәртіпсіздікке қатысушылар 500-ге жуық қару-жарақты алып кетті. Оның 300-ге жуығы әлі табылған жоқ", - деді облыстық прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің ұсталғанына қатысты пікір білдіріп, оның құқық қорғау органдарына өз еркімен берілгенін айтқан. Ал бас прокуратура мұны жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан  Серік Күдебаев ұсталғанын бас прокурор Берік Асылов хабарлаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →