×

Бас Прокуратура: Күдебаевтың көзінше адамдар соққыға жығылып, азапталған

С.М. Күдебаевтың кінәсі қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелденді

Бас Прокуратура: Күдебаевтың көзінше адамдар соққыға жығылып, азапталған
Ашық дереккөздерден

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бүгін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Алматы облысы (қазіргі Жетісу) полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен С.М. Күдебаев «қаңтар оқиғалары» кезеңінде ауыр зардаптарға (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) және азаптауларға (146-бабы 2-бөлігі) әкеп соққан билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, полиция генерал майоры арнайы атағынан айырыла отырып 10 жылға қамалды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, делінген хабарламада. 

С.М. Күдебаев Қазақстан Республикасы Конституциясының, Мемлекет басшысының Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығының, «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» заңдарының нормаларын бұзып, сондай-ақ ведомствоішілік бұйрықтар мен арнайы жоспарлардың талаптарын орындамағаны, шабуыл белгілері болмаған жағдайда, төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына, С.М. Күдебаев жеке құрамға ғимараттан кетуге және үйлеріне тарауға заңсыз бұйрық беріп, қызметкерлердің райын қайтарғаны белгілі болды.

Жергілікті жердің коменданты ретінде жедел штабтың тиісті жұмысын және аймақтағы жағдайды тұрақтандыру бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етпеген. Сол кезде жоғалған қару-жарақтың бір бөлігіне әлі табылмаған. Мемлекетке, азаматтарға және кәсіпкерлерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 5 млрд теңге. 

Нәтижесінде Талдықорған қаласында хаос пен биліксіздікке жол берді. Тонаушылар сауда үйлері мен бизнес нысандарын тонады. Банкоматтар мен супермаркеттердің дүңгіршектерін қиратып, облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы ғимараттарына шабуыл жасап, өртеді. Қылмыскерлер құқықтық тәртіп күштері болмаған кезде жазасыздық пен рұқсат етілгендікті сезініп, облыс Полиция департаменті мен Талдықорған қаласы Полиция басқармасының ғимараттарын басып алды, олардың 500-ге жуық қаруы мен 28 мыңнан астам оқ-дәрісін ұрлаған, олардың бір бөлігі әлі табылған жоқ , делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар, С.М. Күдебаевтың көз алдында оның қарамағындағылар департамент аумағына жеткізілген адамдарды ұрып-соққаны бейнекамераларға жазылған.

2022 жылғы 7-16 қаңтар аралығында оның үнсіз келісімімен полиция департаментінің ғимаратында 23 азаматқа қатысты жаппай азаптау қолданылды. Психикалық және физикалық зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ бу үтікті қолданумен қатар жүретін тыйым салынған тергеу әдістерінің нәтижесінде аталған азаматтардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зиян келтірген. С.М. Күдебаевтың кінәсі қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелденді, делінген баспасөз хабарламасында. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →