×

Руым – қоңырат: Қазақ тілінде сөйлескен Америка және Африка азаматтары көпшілікті сүйсінтті

Qarapaym.qazaq деп тіркелген африкалық азамат өзін Әбдукәрім деп таныстырды

Руым – қоңырат: Қазақ тілінде сөйлескен Америка және Африка азаматтары көпшілікті сүйсінтті
стоп-кадр

Әлеуметтік желіде бір-бірімен қазақ тілінде сөйлескен Америка және Африка құрлығының азаматтары көпшілікті сүйсінтті. Желі қолдаушылары ризашылықтарын білдіріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Мен америкалықпын. 20 жылдай Алматыда тұрып, қазақ тілін үйренгенмін. Есімі – қазақша Рауан. Негізі – Рональдпын», - дейді америкалық азамат.

Ал онымен сөйлескен, желіге Qarapaym.qazaq деп тіркелген африкалық азамат өзін Әбдукәрім деп таныстырды.

«Мен негізі Африкаданмын. Оның ішінде Нигерия мемлекетінен. Өлең айтамын. Руым – қоңырат. Аман болыңыздар ағайын!» - дейді африкалық.
 

Ол тағы бірнеше шетелдікпен қазақша сөйлескен. Желі қолданушылары өз алғыстарын білдіріп жатыр.

«Тек орыстар екен ғой бізді сыйламайтын», «Қазақ қызы америкалық апаға орысша сөйлегенде, мен қазақша жауап беремін» дегеніне қуанып кеттім», «Керемет, қазақ тілі жасасын», «Жарайсыздар», «Алла разы болсын», «Бәрекелді», «Тіл білмейтін қазақтарға осыдан кейін ұят болады», «Қазақ тілінде керемет сөйлейсіздер», - деген сарындағы пікірлер өте көп жазылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →