×

Ақтөбе мен облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді?

Жаяу жүреміз деген көрініс жасау ешкімге қажет емес

Ақтөбе мен облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді?
©REUTERS

Қазақстандық әкімдер қандай көлікпен жүреді және жаяу жүре ме? Бұл туралы "Диапазон" басылымының материалында айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Өткен аптада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қалаларды абаттандыруға көңіл бөлуге шақырды.

"Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты тілшілер әкімдер жаяу жүре ме, өздерінен сұрап көрді. Ақтөбе әкімі Мұрат Журебековтің қызметтік көлігі - Kia Quoris, 2014 жылғы.

"Көлікті қолданамын. Бұл ретте жұмыс күндері де, демалыс күндері де көшелерде, тұрғын үйлер, аулаларда жаяу жүремін", – дейді Мұрат Жүребеков.

Ал Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметтік көлігі - Lexus, 2012 жылы шығарылғанын айтты.

"Аудан, ауылдарға жаяу бара алмаймын. Өздеріңіз түсінесіздер, арақашықтық аз емес. Қалада барлық жерде нысандарға жаяу баруға мүмкіндік болмайды. Менің ойымша, жаяу жүреміз деген көрініс жасау ешкімге қажет емес. Объективті түрде көлікпен бару керек жерге - көлікпен барамыз. Қай жерде жаяу жүруге болады, әрине, жаяу жүреміз", - деді Ералы Тоғжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →