×

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның үш азаматы Астанадан табылды

Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның үш азаматы Астанадан табылды
Ашық дереккөздерден

Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресей Федерациясында іздеуде жүрген 20 жастағы жігіт 2022 жылы Мәскеудегі сауда үйінің бірінде ұрлық жасаған.

Сондай-ақ шекараны заңсыз кесіп өткен 36 жастағы және 2020 жылы алаяқтық жасады деп айыпталған 43 жастағы ер адам анықталды.

Барлық ұсталғандар Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сондай-ақ, елордалық полицейлер өткен жылы Дүкенұлының бойындағы гараж жанында бейтаныс ер адаммен спирттік ішімдік ішіп отырып, оны пышақтап кеткен 45 жастағы ер адамды тапты.

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, 26-28 сәуір аралығында Астана қаласының полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасын өткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →