×

ДАИШ үшін сотталған: Бағдат түрмесіндегі қазақстандық 6 әйел аштық жариялады

Тұтқындар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау процедурасын өткізуді талап етіп отыр

ДАИШ үшін сотталған: Бағдат түрмесіндегі қазақстандық 6 әйел аштық жариялады
© РИА Новости / Рафаэль Даминов

Бағдатта түрмеде отырған Қазақстанның 6 әйелі аштық жариялады. Олар 2019 жылы террористік ұйымның жұмысына араласқаны үшін сотталған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айбек Смадияровтың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан «Русафа» операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілген. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеуге қалды. 

«Біздегі ақпаратқа тоқталайын. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түсті», - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұтқындар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау процедурасын өткізуді талап етіп отыр. «Аштық акциясы Ирак билігінің «Рақымшылық туралы» заңға қол қоюы туралы қауесет аясында басталды. 


«Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ирак билігі биыл барлық санатта қылмыс жасаған адамдарға «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты ақпарат емес. Рақымшылық жасалатын адамдар өз жазасының үштен бірін сол елде өтеуге тиіс. Қазір жоғары аталған мекемеде ДАИШ террористік ұйымының жұмысына қатысқаны үшін сотталған 6 Қазақстан азаматы өз жазасын өтеп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →