×

Құлыбаев, Жақсыбеков, Машкевичтердің банктерін құтқаруды қашан доғарамыз – Бақытжан Базарбек

Ол банктердің артында кім тұрғанын халық білуі қажет деп айтты

Құлыбаев, Жақсыбеков, Машкевичтердің банктерін құтқаруды қашан доғарамыз – Бақытжан Базарбек
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқара беруді тоқтату керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео: t.me/qaz365kz/5181

«Халықтың қазынасыдағы ақшаны Тимур Құлыбаевтың, Әділбек Жақсыбеков, Александр Машкевич және басқа да олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды қашан доғарамыз. Банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек. Соның бірден бір жолы - банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтаруымыз қажет», - деді депутат.

Ол банктердің артында кім тұрғанын, кімнің иелігінде отырғанын және қандай жолмен ауыл шаруашылық жерлерді кепілге қойып жібергенін қоғам, халық білуі қажет деп айтты.

«Қазіргі таңда Бас прокуратураның ақпараты бойынша, екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігінде кепілдік ретінде көлемі 2 миллион гектар 3,9 мың ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жатыр. Оны банктер және каржы ұйымдары өздері пайдаланбайды және сол жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруға асықпайды. Осы банктерде кепілге қойылған, камауда жатқан 2 миллион гектар жердің ішінде үлестік ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бар екендігін халық біле ме?», - деді Бақытжан Базарбек.

Ол заңсыз, жемқор әкімдердің кесірінен пайлары, яғни, шартты жер үлестерінен айырылған ауыл халқы табанын тоздырып, ақиқат іздеу жолында пайларын қайтару үшін соттасып әлек болып жүр деп айтты.

 «Соттар талап арыздың көпшілігін қараусыз қалдырады не болмаса талаптың ескіру мерзімін қолданып, үлескерлердің жерлерін банкке кепілге кою туралы келісім-шарттарын бұзу туралы талап арыздарын  қанағаттандырусыз қалдырады. Нақты қадам жасаудың уақыты келді. Нақты жер реформасын бастап, екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігіндегі жерлерге қамқор болуымыз қажет», -деді мәжілісмен.

Ол бұл да халықтың жері екендігін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан Үкімет пен Бас прокуратурамен бірлесе отырып біраз жұмыс атқару керектігін еске салды. Депутаттың ұсынысы мынандай:

Біріншіден, 2025 жылға дейін бүкіл елде жер амнистиясын жариялап – шартты жер үлесінен тұратын және банктерде кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек.  Үлескерлерге еркін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзге шаруашылық ұйымдардан шығудың заң мүмкіндігін қарастыру керек.

Екіншіден, коммерциялық банктердің иелігіндегі 2 миллион гектар көлеміндегі жерлерді мәжбүрлі түрде Жер кодексінің 92-94 бабына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз етуіміз қажет. 

Үшіншіден, азаматтардың шартты жер үлесінен тұратын жер пайдалану құқығын екінші денгейлі банктерде және қаржы ұйымдарында кепілге қоюға мораторий енгізу.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →