×

Мәскеуде жарылыс болды – ВИДЕО

Ресей тарапы мұндай шабуылды Путинге жасалған қастандық деп бағалады

Мәскеуде жарылыс болды – ВИДЕО
Фото: 24tv.ua

Кремль Владимир Путинге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қастандық жасау әрекеті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі turkystan.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы РФ президенті баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әскери және арнаулы қызметтер радиолокациялық күрес жүйелерін қолдана отырып аппараттарды уақтылы істен шығара алды. Кремль аумағына құлап, сынған дрондардан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал келтірілген жоқ», – деп жазылған хабарламада.

Ресей тарапы мұндай шабуылды Путинге жасалған қастандық деп бағалады.

«Мұны 9 мамырдағы Жеңіс күні қарсаңында, шетелдік қонақтардың қатысуы жоспарланған шеру алдында арнайы жоспарланған террористік акция не Президентке жасалған қастандық деп санаймыз», – делінген хабарламада.

Кремль енді Ресейдің қарсы шабуыл жасауына толыққанды негіз барын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →