×

Ауылға баратын дәрігерлерге 3-5 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді

Қай өңірлерге барған дәрігерлер қомақты қаржыны иемденбек

Ауылға баратын дәрігерлерге 3-5 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді
kazigurt-tinisi.kz

Биыл өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылға – 444 дәрігер бөлінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгінгі Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

“Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды, келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер (Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары) 3-5 миллионға дейін бөледі”, – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жұмысы жүргізіледі.

“Мемлекет басшысы 3 жыл ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ға ұлғайтуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жоба пысықталуда. Биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылға – 444 дәрігер бөлінді”, –  деді А. Ғиният.

Сонымен бірге, шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Еліміздің 10 өңірінде 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 “Жәрдем” және “Саламатты Қазақстан” медициналық пойыздары қайтадан іске қосылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →