Нұрлан Мәсімовпен дос болу құрметіне 24 жастағы қарапайым сақшы ие болған
Павлодар полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің тау мен тайга арқылы елден қалай қашқаны белгілі болды. Шығыс Қазақстанда оған Ресейдің Алтай аймағына шекарадан заңсыз өтуіне көмектескен үш адам сотталды деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылдың шілдесінде Нұрлан Мәсімов сол кезде Павлодар облысы ІІД бастығы қызметін атқарып жүріп, Шығыс Қазақстанда өзіне “пайдалы” адамдармен байланыс орнатқан. Мәсімов бастаған көрші облыстан келген қонақтар көрікті Катонқарағай өңіріндегі демалыс орнында демалған. Павлодарлықтарды оның бұрынғы полиция бастығы, Риддер патрульдік полиция взводының инспекторы Данияр Айтқазин қарсы алған.
Нұрлан Мәсімовпен дос болу құрметіне 24 жастағы қарапайым сақшы ие болған.
Айтқазин кейін сотта Мәсімов және оның достары әртүрлі емдеу курстарынан өтті, қымбат ванналарға шомылғанын айтқан.
“Біз Ресей мен Қазақстан аумағынан өтетін табиғат, орман және Алтай таулары туралы, сондай-ақ орман мен тау бар жерде мемлекеттік шекара қоршауының жоқтығы туралы сөз қылдық”, – деген ол.
Осы жылғы кездесуден кейін бір жылдай уақыт өткен соң Нұрлан Мәсімов Айтқазинге жасырын нөмірден телефон шалып, өзінің “арғы бетке өтуі керек” екенін айтқан.
Данияр Айтқазин әңгіменің Шығыс Қазақстан аумағында Ресей Федерациясымен шекараны заңсыз кесіп өту туралы болып тұрғанын бірден түсінеді. Полиция шенеунігін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік іздеп жатқанын жақсы білетін Айтқазин оған көмектесуге келіседі. Оның үстіне қызметі үшін сыйақы берілетінін білген. Бірақ Айтқазин бұл жерді жетік білмегендіктен, көмекшілер іздей бастайды.
Осылайша Риддерде тұратын Ресей Федерациясының азаматы Жахид Асланов пен Алексей Павлов Айтқазиннің сыбайластары болып шыға келеді. Олар да Риддерде тұратын, ал өздері Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің тумасы. Әсіресе Павловқа үлкен үміт артылады, өйткені ол тауды жақсы білетін және бақылау-өткізу бекеттерінен тыс мемлекеттік шекараны кесіп өтетін жерлерді білетін.
Жоспар бойынша Мәсімов жол көрсетушілердің сүйемелдеуімен Ресей Федерациясының Риддер – Қарағай ауылы бағытымен жүруі тиіс болатын. Ал соқпақ Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы таулар мен тайгалар арқылы өткен.
Телефонды жиі пайдалана алмайтын Нұрлан Мәсімовпен олар 7 шілде күні Өскеменнен Риддерге қарай шыға берістегі "қызыл жанармай бекетінде" кездесуге келіскен.
Айтқазин Мәсімовті Риддерге одан ары сыбайластарымен бірге қорық аймағына әкеледі. Айтқазин Мәсімовті ағам деп таныстырған. Көмектері үшін Асланов пен Павловқа 2500 АҚШ доллары көлемінде ақша беруге келіскен.
Мәсімов, Асланов және Павлов Белая Уба өзеніне көлікпен жетіп, одан ары қарай үшеуі жаяу жүреді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта рұқсатсыз жүрген олар бірнеше кордондарды сәтті айналып өтіп, күні-түні жүріп өтіп, 8 шілдеде түнгі екілер шамасында шекарадан асып өтеді.
Нұрлан Мәсімов, Алексей Павловтың айтуынша, Ресейдің Қарағайының кіре берісіне қарай жүру керек екенін айтқан. Ол жерде оларды ақ джип күтіп тұруы тиіс болған. Көлік болмағандықтан, жолдан ашып, шаршаған азаматтар 9 шілде күні таңертең ерте ауылға барып, бір жерге тоқтауға шешім қабылдайды.
Жолаушыларды көшеде бір әйел кездестіріп, ауылда қонатын жер жоқ екенін айтып, шайға шақырады. Ұйқысынан оянған әйелдің күйеуі олардың қайдан келгендерін, ауылға не үшін келгендерін сұрап, телефонын алып сыртқа шығады. Өздерін ұстап береді деп қорыққан заң бұзушылар тауға қарай қашады. Сол жерде бірнеше сағаттан кейін оларды шекарашылар қолға түсіреді.
Сыбайлас үштікке заңсыз көші-қонды ұйымдастырды және Айтқазинді қоспағанда, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылып, сотқа тартылды. Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың жас мөлшері мен кінәсін мойындап, өкінуі себеп болған.
Данияр Айтқазин екі жылға, Алексей Павлов пен Джахид Асланов бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіледі. Үкімге қарсы шағым түспеген.
Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді.
Сол жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.
Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.
2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті шекарада Ресейге өтпек болған жерінде ұстады. 7 қаңтарда Нұрлан Мәсімовтің ісі прокуратураға кері қайтарылды.