×

Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттады

Алматы қаласы жолаушылар үшін ең танымал бағыт болып қала береді

Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттады

Қазақстанда 2023 жылдың сәуірінде наурыз айымен салыстырғанда ұшақ билеттерінің бағасы 17,7% қымбаттаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 1 тоқсанда 151 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Алматы қаласы жолаушылар үшін ең танымал бағыт болып қала береді. Алматыға бірінші тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған. Сондай-ақ Астанаға 722 мың жолаушы ұшқан. Үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы болды – 268 мың жолаушы.

2023 жылғы қаңтар-наурызда әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 000 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,5 пайыз артық. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есе өсіп, 5 513,6 млн. п-км құрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға барды
Бүгін, 21:20

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға барды

6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген
Министр болып былтыр 2 қыркүйекте тағайындалған
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →