×

Шымкентте мектеп бухгалтері 67 млн теңге ұрлаған

Күдікті білім беру мекемесі директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған

Шымкентте мектеп бухгалтері 67 млн теңге ұрлаған

Шымкентте мектеп бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдікті білім беру мекемесі директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, 67 млн теңге бюджет қаражатын жеке қажеттілігіне жұмсап жіберген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті күдіктіге қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

«Қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында өңірдің білім беруді қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Сондай-ақ, кеңейтілген отырыс өтіп, онда сыбайлас жемқорлық схемалары мен ол үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы әрбір бухгалтерге, мектеп директорына және мегаполистің білім беру саласының басшыларына түсіндірілді» – деді Дәурен Ерғарин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Бүгін, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →