×

Биылғы сәуірде әуе билеттерінің бағасы 17,7 пайызға қымбаттаған

Үстіміздегі жылдың І тоқсанында әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды

Биылғы сәуірде әуе билеттерінің бағасы 17,7 пайызға қымбаттаған
Ашық дереккөздерден

2023 жылғы наурыз айымен салыстырғанда сәуірде әуе билеттерінің құны 17,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, онда І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған, одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы І тоқсанда әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2002 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 5 513,6 млн п-км құрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →