×

Атырау облысындағы ауруханалардың қарызы бір миллиард теңгеге жуықтаған

Белшесінен қарызға батқан медициналық мекемелер арасында екі облыстық, екі аудандық аурухана бар

Атырау облысындағы ауруханалардың қарызы бір миллиард теңгеге жуықтаған
Ашық дереккөздерден

Атырау облысындағы ауруханалардың қордаланған қарызы бір миллиард теңгеге жуықтаған. Төрт бірдей емдеу мекемесі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен материалдық жабдықтар жеткізген кәсіпкерлердің қаражатын дер кезінде аудармапты. Мұны мониторинг кезінде антикор анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Белшесінен қарызға батқан медициналық мекемелер арасында екі облыстық, екі аудандық аурухана бар. Олар мемлекеттік сатып алу шарты бойынша көрсетілген қызмет ақысын 30 күн ішінде аударуы тиіс дейді құзырлы орган өкілдері. Алайда түрлі әкімшілік кедергілерді сылтауратып кешіктірген. Осы арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол ашылуы мүмкін екен. Қазір антикордың араласуымен 300 миллион теңгеге жуық қаржы өтелген.

«Қазір 100 кәсіпкерге 300 млн теңгеден астам қаржы төленді. Басқа қаражатын уақытында төлеу бойынша берешектері біздің бақылауда болады. Мұндай әкімшілік кедергілер болмауы тиіс. Яғни қызмет көрсетілді ме, ақша аударылуы тиіс», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Жахин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →