×

"Баланы қыз сияқты тәрбиелеп жатсыз": Жаттықтырушының қолынан қаза тапқан баланың анасы оқиғаны баяндап берді

Фарид ауруханаға жеткізілгеннен кейін 40 минуттан кейін көз жұмды

"Баланы қыз сияқты тәрбиелеп жатсыз": Жаттықтырушының қолынан қаза тапқан баланың анасы оқиғаны баяндап берді

Дзюдо жаттықтырушысы ұрып өлтірген жеті жасар баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Baku Youtube-арнасында жарияланды.

29 сәуірде Әзірбайжанның Сумгаит қаласында таңқаларлық оқиға болды. Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов өзі жаттықтыратын жеті жасар баланы өлтірді.

Марқұмның анасы Айнұр Бақарова Халиловтың психикалық жағдайы туралы мәлімдеді.

"Ұлым төрт ай бойы жаттықтырушы Мехман Халиловпен бірге болды. Фарид ересек адам сияқты еді, әскери қызметкер болуды армандады. Мен ешқашан баламды жалғыз жаттығуға жіберген емеспін. Оны жаттығу залына апарып, бес жарымда жаттығудан алып кететінмін. Сол күні жаттықтырушы өзін біртүрлі ұстады. Ол маған тап беріп, “баланы қыз сияқты тәрбиелеп жатырсыз” деді де, есіктің сыртында ұлымды күте тұрыңыз деді”, – дейді ана.

Ана баспалдақта баланы күткенде, айқайлаған дауыстарды естіген. Жаттықтырушының даусы өте агрессивті шығып жатқан.

“Дауысты естіп, жоғарыға көтерілгенде, ұлымның кіші дәретке жіберіп қойғанын көрдім. Өзіммен бірге әкелген шалбарды кигізіп, ауыстырдым. Осыдан кейін жаттықтырушы маған залдан кетуімді айтты. Баламнан шарасыздықты байқадым. Ұлым неге мұндай күйде екенін сұрағанымда, олар жүгіріп, шаршаған деді", – дейді Бакарова.

Айтуынша, Фаридтің көзінен үрей байқалса да, ол ештеңе болмағанын айтқан. Жаттықтырушы балаға үнемі қысым көрсеткен.

Фарид ауруханаға жеткізілгеннен кейін 40 минуттан кейін көз жұмды.

"Біз ауылда тұрамыз. Жедел жәрдем жеткенше... Сондықтан такси шақырдық. Алайда жаттықтырушы бізге кедергі келтіруге тырысты. Әпкеммен телефон арқылы сөйлестім. Ол менің қолымнан телефонды тартып алып, әпкеме: "Сіңлің ашулы, өзін-өзі ұстай алмай тұр. Баламен ештеңе болған жоқ, бәрі жақсы", – деді жәбірленушінің анасы.

Ана жаттықтырушы оны қорқытқанын айтты. Балаға ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуі жасалған. Құлағы көгеріп, аяғында іздер болған.

Жеті жасар Фарид Бакаровтың әкесі Реваз Бакаров ұлының өліміне кінәлі адамды қатал түрде жазалауға шақырды.

"Баланың не кінәсі бар? Егер жүйке жүйеңіз тозса, жұмыс істемеңіз. Үш күн ұйқыдан айырылдым. Қалай осындай қатыгез болады? Баланы шашынан тартып көтеріп, лақтырған. Таңертең баламның о дүниелік болғанын білдім. Сол күні жаттықтырушыға не болғанын білмеймін. Баланы үйге әкелгенде, бүкіл денесі көгерген. Бұл құлағаннан болуы мүмкін емес. Оны ұрып тастапты. Бұл адам жасаған әрекеті үшін Әзірбайжан заңнамасында қарастырылған ең ауыр жазаны алуы керек", – деді әкесі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →