×

Астанада жаңа жоғары оқу орнын құру ұсынылды

Жиында әскери дайындық пен армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері талқыланды

Астанада жаңа жоғары оқу орнын құру ұсынылды
Скриншот видео

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов Астанада жаңа оқу орнын ашуды ұсынды. Генерал бұл бастамасын президент қатысуымен өткен бүкілармиялық кеңесте жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ге сілтеме жасап,

“Президент мырза, бүгінде әскер құрамалары мен бөлімдері қолбасшылығының негізгі құрамы - Ұлттық ұлан академиясының түлектері. Академия тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылған болатын. Былтыр оқу ордасы 25 жылдығын атап өтті. Қазіргі кезде елорламыз - Астана қаласында барлық құзіретті органдары үшін кәсіби және ғылыми маман даярлайтын жаңа жоғары орнын құратын уақыт келді деп ойлаймыз”, – деді Ботақанов.

Оның ойынша, генарал мен офицерлер, соның ішінде запастағы кәсіби мамандар жоғары кәсіби мамандарды даярлауға көмектеседі. Сондай-ақ әскери ғылымды да дамытуға өз үлесін қоса алады.

Айта кетері, бүгін Астанада президенттің төрағалығымен бүкілармиялық кеңес өтті. Оған қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық ұлан және тағы басқа әскери құрылымдар қатысты.

Жиында әскери дайындық пен армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері талқыланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →