×

Ақберен Елгезектің Жазушылар одағына қатысты желіде жариялаған есебі қызу талқыға түсіп жатыр

Өзіне күйе жаққандарға кешірім сұрау үшін 48 сағат уақыт беріпті

Ақберен Елгезектің Жазушылар одағына қатысты желіде жариялаған есебі қызу талқыға түсіп жатыр
Фото: Facebook/Ақберен Елгезек

Айта кетсек, 2023 жылы 5 сәуірде Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек қызметінен кеткен болатын. Араға бір ай салып ақын өзінің бұрынғы қызметі туралы желідегі парақшасында есеп жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақберен бұл жазбаны өзін қаралап, күйе жағушыларды жазалау мақсатына жазып отырғанын баса айтады. Сондықтан оларға кешірім сұрау үшін 48 сағат уақыт беріпті. Ал одан кейін ол сотқа баруға ниетті.

"Егер менен жеке болсын жария болсын кешірім сұрамасаңдар, маған жария түрде дәлелсіз-дәйексіз жала жауып, ар-ожданыма, таза атыма кір келтіргендерің үшін сендерді сотқа беруге мәжбүр боламын. Конституциямыздың 17 (п.1), 18 (п.1) баптарына сәйкес, сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 131-ші бабына және Азаматтық Кодекстің 143 (п.6) бабына сәйкес сендерді жауапқа тартуға толық хақым бар. Ол сотты ұтқан соң, этиканы қалтама салып қоям да аты-жөндеріңді атап, түстеріңді түстеп, фотоларыңды, соттың Қаулысын осы жерге желбіретіп іліп қоямын. Ескертем, соттан кейін, Заң бойынша маған әрқайсың 6 миллион 900 мың ақша төлейсіңдер (200 МРП)", делінген жазбада.

"Ішті-жеді" деген айыпқа берілген жауаптар қатарында мынандай есеп те бар:

"Жылына 300-ге жуық шара өткіземіз, соның бәріне қайыр сұрап жүргендей, ақшаның басын құраймыз. 300 шараны 5 жылға көбейт. 1500 шараның әрқайсысы кем дегенде 2-3 млн қаржыны талап етеді. 2 млн теңгені 1500-ға көбейт. Шашың тік тұрады! Ондай ақша жоқ Одақта! Сондықтан айлығы шайлығына жетпей жүрген қызметкерлер осының бәрін өз қолдарымен істеп, өз аяқтарымен баратын жерге барады. Менің алған айлығым - 200 мың теңге. Оның тең жартысын жүргізушіме беремін. Қайдағы ұрлық?! Зарлық бұл!".

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
Бүгін, 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →