×

Клебановтың компаниясы Екібастұздың қазандықтарын жөндеуге қанша қаржы жұмсайды

Жөндеу бойынша қажетті жұмыстардың тізбесі айқындалды

Клебановтың компаниясы Екібастұздың қазандықтарын жөндеуге қанша қаржы жұмсайды
ulysmedia.kz

Екібастұздың жылу желілерін жаңартуға 9 млрд теңге, қазандықтарын жөндеуге 15 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. 

«Қазіргі таңда Екібастұз қаласының 5,3 км жылу желілерін жаңартуға 9 млрд 064 млн 380 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімдігі мен «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ арасында жауапкершілікті жергілікті атқарушы органмен бөлу бөлігінде меморандумға қол қойды. Екібастұз жылу-электр орталығының су жылыту және энергетикалық қазандықтарын жөндеу бойынша қажетті жұмыстардың тізбесі айқындалды. Меморандум шеңберінде ЖЭО-ның 5 су жылыту қазандығы (№11-15) және 3 энергетикалық қазандық (№6, 7, 8), сондай-ақ қосалқы жабдықтар, ғимараттарды жөндеу жұмыстарын меншік иесімен тепе-тең негізде шамамен 15 млрд теңге сомаға жүргізу бойынша іс-шаралар әзірленді», - деп жазды Роман Скляр.

Сондай-ақ, нысандағы 5 су жылыту қазандығында жөндеу жұмыстарының есептеулері жүргізіліп жатыр.

«Бұдан басқа, жылумен жабдықтаудың температуралық кестесін сақтамауына байланысты «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС 2022 жылғы қарашадан бастап (2023 жылғы наурызды қоса алғанда) жылу энергиясы үшін қайта есептеу жүргізді. Сондай-ақ, акционерлердің есебінен 2022 жылғы желтоқсанда және 2023 жылғы қаңтарда тұтынушыларға нормативтік тұтынуға сәйкес тұтынылған электр энергиясы үшін өтемақы жасалды. Бұл ретте 2023 жылдың ақпан және наурыз айлары үшін өтемақыны жасау мәселелерін жергілікті атқарушы орган және «ОАЭК» АҚ пысықтап жатыр», - делінген жауапта.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары созбаққа салынды.

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Ақпан айының басында өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға жаңа басшы тағайындалды. 

17 ақпанда өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауда Екібастұздағы жылу мәселесі көтеріліп, сенатор Алтынбек Нұхұлы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесіне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткенін сынға алған болатын.

11 сәуірде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр аудит аяқталғанын мәлім етті. Оның сөзінше, Екібастұз тұрғындары келесі жылыту маусымында жылудан таршылық көрмейді. Скляр ЖЭО-ның бір бөлігі мемлекет есебінен жөнделетінін жеткізді. Ал "Екібастұзжылуэнерго" өздеріне тиесілі қондырғыларды қаржыландырады. Екі жақтап қаржы көлемін арттырып, жылумен жабдықтау мәселесін шешу уәде етілді.

Сондай-ақ, жуырда Екібастұздың жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, 100-ден астам ақау табылғаны хабарланды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы қазақстандықтар үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы қазақстандықтар үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →