×

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson және ГАЗ-53 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы-Өскемен тас жолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, нәтижесінде жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →