×

Алматыда көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші есірткі тұтынған күйінде ұсталды

Ол бұған дейін екі рет көлікті мас күйінде басқарған кезде ұсталған

Алматыда көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші есірткі тұтынған күйінде ұсталды
Ашық дереккөздерден

 Алматыда мас күйде көлік жүргізгені үшін екі рет жауапқа тартылған жүргізуші тағы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше күн бұрын қала полицейлері экологиялық постта Алматы облысының 36 жастағы тұрғынын тоқтатқан.

«Тoyota көлігі жүргізушісінің әрекеті патрульдік полиция қызметкерлеріне күдікті болып көрінді. Медициналық сараптама оның есірткі қолданғанын анықтады. Жүргізуші көлік құралын жүргізуден шеттетілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Белгілі болғандай, жүргізуші бұған дейін екі рет көлікті мас күйінде басқарған кезде ұсталған. Бірінші жайт 2020 жылдың наурыз айында Алматы облысы Райымбек ауданында болған. Сол кезде ол сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Алайда, бір жылдан кейін ол тағы да мас күйде көлік жүргізеді. Сол кезде сот оны ҚР ҚК-нің 346-бабы және ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →