×

Қасым-Жомарт Тоқаев Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға барды

Ржев түбіндегі шайқаста кеңес әскері 1,3 миллионнан астам адамынан айырылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға барды
akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресейдің Тверь облысына жасаған сапары аясында Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент құрмет қарауылымен бірге ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Биіктігі шамамен 25 метр болатын қоладан құйылған солдат мүсіні он метрлік қорған төбенің басына орнатылған. Құрыш қабырғаларда Отан қорғаушы жауынгерлердің есімдері жазылған.

Ржев шайқасы – қанды қырғын болған ең сұрапыл соғыстың бірі. Кеңес әскері бұл жерде, із-түзсіз жоғалғандар мен жараланғандарды қоса алғанда, 1,3 миллионнан астам адамынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →