×

БҚО-да майданнан оралмаған сарбаздың дерегі 80 жылдан кейін табылды

Латвиядағы бауырластар зиратында жерленген екен

БҚО-да майданнан оралмаған сарбаздың дерегі 80 жылдан кейін табылды
Ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысында майданнан оралмаған Шам (Шамиль) Жәкібайұлының дерегі 80 жылдан кейін табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақсай қаласының тұрғыны, 86 жастағы Мұратбай Ықыласұлы Сүйінғараевтың айтуынша, Шам – әкесінің інісі.

Оның дерегін ұлы Берік «Память народа» сайты арқылы тапқан.

«Атам Жәкібай өте сауатты болған. 1918 жылы дүниеге келген ұлына Шам деген есім берген. Сирияның қазіргі астанасы Дамаскінің бұрын Шам деп аталғаны белгілі. Міне, әскери шені сержант болған сол ағамыз 1943 жылы 3 қаңтарда Калинин (қазір Тверь) облысы Оленин ауданы Осиновка деген жерде оқтан қаза тапқан. Осы дерек 80 жыл 4 ай дегенде анықталып отыр», - дейді ақсақал.

Ардагердің ұлы, ішкі істер органдарының ардагері, полиция подполковнигі Азамат Сүйінғараевтың сөзіне қарағанда, сайтта Шам Жәкібайұлы Шамиль Джакибаев деп орысша жазылған. Мекенжайы Чкалов (Орынбор) облысы, Чебоньки станциясы, Астық совхозы, 3-бөлімше; әйелі Тухватова Рамиля немесе Карима (оқылуы қиын) деп көрсетілген. Өкінішке қарай, Шамнан ұрпақ қалған жоқ.

photo

Фото: pamyat-naroda.ru

Мұратбайдың өз әкесі, Шамның ағасы, 1914 жылғы Ықылас (Ихлас) Сүйінғараев та соғыстан қайтпаған. Аталмыш сайттан алынған мәліметке қарағанда, қатардағы жауынгер Ықылас Жәкібайұлы қызыл әскерге 1942 жылы 22 ақпанда алынып, 21-гвардия атқыштар дивизиясы 69-полкі құрамында болған. 1944 жылы 20 қазанда жаудың қарсы шабуылын тойтару кезінде батырлық танытқаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жаралы болса да, алған бетінен қайтпаған. 1945 жылы 20 ақпанда қаза тапқан сарбаз Латвия Республикасы Тукум ауданы Джуксте ауылындағы бауырластар зиратында жерленген. Құлпытастағы тізімде «сержант И.Д.Саюнгараев» деп жазылған. Ықыластан Мұратбай мен Ғаббас атты екі ұл қалған, олар әкелерін әрдайым еске алып отырады.

«Қазақстанда соғыс шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Әкем Мұратбай мен анам 65 жыл өткеннен кейін атамыздың жерленген жерін білген еді. Соның нәтижесінде осыдан 11 жыл бұрын әкем Мұратбайдың бастамасымен ағам Шамиль (Шамның құрметіне қойылған) мен апам Альфия атамыздың басына барып, тағзым етіп қайтты. Шам мен Ықылас Жәкібайұлылар 1942 жылы майданға бірге аттанған, ақыры екеуі де елге оралмады. Биыл Жеңіс күні қарсаңында ағасы Шамның дерегі табылған кезде әкем Мұратбай қатты толқыды. Анамыз екеуі он бала тәрбиелеп өсірген, мен үйдің кенжесімін. Енді, бұйырса, Шам атамыздың басына барып, тәу етіп қайтуды ойластырмақшымыз», - деді Азамат Сүйінғараев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →