×

Мьянмада құлдықта болған қазақстандық табылды

Ол 12 мамыр күні Алматыға ұшып келеді

Мьянмада құлдықта болған қазақстандық табылды

Мьянмада құлдықта болған Қазақстан азаматы Қыран Манапұлы табылды. Ол 12 мамыр күні Алматыға ұшып келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Қыранның туыстары хабарлады.

«Бауырым Қыран табылды. Мьянмадан Тайландқа жеткізілді. 12 мамырда таңертең сағат таңғы бесте Алматыға жетеді. Сіздерге көп рақмет», – деді Қыранның әпкесі Гүлия.

Еске сала кетсек бұған дейін Ulysmedia.kz порталына хабарласқан Құстар Серік атты азамат туысы Қыран Манапұлының Мьянмада мәжбүрлі еңбекке жегіліп, сол жерден қашуға тырысқанымен ұсталып, хабарсыз кеткенін айтқан еді. Қыранмен бірге қазақтың төрт жігіті 26 сәуірде Мьянмадан қашып, Тайланд шекарасына өтпек болған. Алайда төрт жігіт өзеннен өтіп кеткенімен Қыранды мәжбүрлі еңбекке тартқан компанияның күзеті қуып жеткен.

Тайланд соты төрт жігітті Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарған. «Ал Қыраннан хабар жоқ» деп алаңдаған еді туыстары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →