×

Түркия астық келісімшартын екі айға ұзартуға ниетті

Келісімшартты ұзартуға  Мәскеу өз келісімін береді деп күтеді

Түркия астық келісімшартын екі айға ұзартуға ниетті
Ашық дереккөздерден

Ресей, Түркия, Украина және БҰҰ делегациялары Ыстамбұлда астық келісімшартын ұзарту жайын талқылап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Daily Sabah сілтеме жасап.

Түркия өкілдері келісімшартты кем дегенде тағы екі айға ұзартуды сұрап отыр.  

"Кездесуде бірқатар мәселелер талқыланады деп күтіледі, соның ішінде түрік туын таққан кейбір кемелерді эвакуациялау, ұзартылатын келісімшарттың жаңа мәліметтері және оның Африкадағы тұрақтылықты ілгерілетудегі маңыздылығы да қамтылады", – дейді Түркия СІМ басшысы Мевлюта Чавушоглу. 

БҰҰ, Украина және Түркия келісімшартты ұзартуға  Мәскеу өз келісімін береді деп күтеді. Ресей өз тарапынан 2022 жылы қол қойылған келісімнің мәтінінде қамтылған және астық экспортына салынған бұғаттың күшін жоюға, сондай-ақ басқа да мәселелерге қатысты шарттардың толық орындалуын талап етеді. 

Бұған дейін Мәскеуде өткен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен Чавушоглудың кездесуі барысында олар астық келісімшарты мен Украинадағы жағдайды талқылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →