×

Алматы облысында жұмыстан шығып кеткен инспектор 200 қандасты алдап, ақша жасаған

Қандастар Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

Алматы облысында жұмыстан шығып кеткен инспектор 200 қандасты алдап, ақша жасаған
Видеодан кадр

Алматы облысы, Шелек ауылындағы 200-ге жуық қандасымыз бір инспектордың кесірінен екі жылдан бері Қазақстан азаматтығына қол жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы КТК арнасының тілшісі Сымбат Байжөкенов жария етті. 

 «Өзбекстан мен Қытайдан қоныс аударған қазақтар бір жыл бұрын қызметінен шеттетілген миграция инспекторы жұмысын ары қарай жалғастырып, құжаттарды қабылдай бергенін айтады. Атажұрттың азаматы атану арманға айналды деген ағайын Д. есімді инспектор делдалдар арқылы ауызбастырық алып отырғанын да жеткізді», –  дейді сюжет авторы.

Тілшінің айтуынша, инспектор осы қызметкерді шулаған жұрт таппай сабылып жүр. Көбінің айлап жүріп жинаған бума-бума құжаттары да жоғалған. Ал көшені басына көтеріп, айғайға басқан  әйелдің бірі көші-қон қызметінде жұмыс істемеймін деп бет бақтырмай, журналистерге тап берген.Төзімі таусылған қандастарымыз «неге өтірік айтасың, құжатты саған бердік қой» деп шулады.

«Д. Қ деген осы 4-5 жыл бұрын осы басқарманың бастығы болған. Былтыр іс қозғалып, Алматы облыстық көші-қон басқармасындағы қызметінен кеткен. Өзі қызметте жоқ болса да, құжаттарды қабылдап келген. Жұмыстан кетсе де, сырттан келген қандастар арқылы ақша табудың көзін тауып алған», –  дейді әйелдердің бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы қазақстандықтар үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы қазақстандықтар үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →