×

Петропавлда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі енгізілді

Салдарынан 9 жеке тұрғын үй күлге айналып, тағы екеуіне зақым келген еді

Петропавлда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі енгізілді

Петропавлда бүгіннен бастап жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай режимін енгізуге Петропавлда 7 мамыр күні тұтанған өрт себеп болды. Естеріңізге салайық, «Береке» ықшамауданында қамыс жанып, қатты желдің салдарынан арты ауқымды өртке ұласты.

Салдарынан 9 жеке тұрғын үй күлге айналып, тағы екеуіне зақым келген еді.

Петропавл қалалық әкімдігі үйлері жанып кеткен жеті отбасының жалдамалы пәтерге орналастырылғанын айтты.

Тағы төртеуіне ыңғайлы баспана іздестіріліп жатыр. Пәтерлер демеушілердің қаражатына жалға алынған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қала тұрғындары да атсалысып жатыр.

Петропавлдағы қалалық мәдениет үйінде ашылған гуманитарлық пунктке тез бүлінбейтін азық-түлікті, киім-кешекті, жеке гигиеналық құралдарды апарды.

Ал төтенше жағдай режимі далада қалған отбасыларға ҚР заңнамасы аясында келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеу үшін енгізіліп отыр.

Енді тәуелсіз сарапшылардың бағалауынан кейін, зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайды.

Сондай-ақ баспана иелеріне 100 АЕК мөлшерінде өтемақы да берілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Кеше, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →